18.01.2022
  250


Менің қысқы демалысым

Биыл мен қысқы демалысымды ата-әжемнің ауылында өткіздім. Бұл демалыс мен үшін ерекше қызықты өтті. Дәмі тіл үйіретін әжемнің тәтті тоқашы мен айранынын ішіп қайттым. Біраз салмақ та қостым. Ал атам болса, қорадағы қойлар мен сиырларды көрсетіп таныстырды. Маша есімді сиыр мен келген күні бұзаулады. Атам екеуміз қайта-қайта барып, қарап тұрдық. 


 


Айтпақшы, мен шахматтың шебері болдым. Ағам екеуміз мен ауылға келген күннен бастап шахмат ойнадық. Жаңа достар да таптым. Атамның ескі шанасымен ауылдағы балалармен бірге  төмпешіктерден сырғанадық. 


Ауылда жүрген кезде ұялы телефоннан алыстап, көзім ашылып қалды. Атам маған біршама кітап сыйлыққа берді. Енді сабақтан тыс уақытта сол кітаптарды оқып тастаймын деп шештім.


Атам мен әжеме жазғы демалыста да келемін деп уәде беріп кеттім. 





Комментарии

07.01.2024 11:35
Роберт де зерттеулер мен каталогтарда кездескендіктен оның келесідей атаулары бар бұл ғарыш объектісі өзге де зерттеулер мен каталогтарда кездескендіктен

Пікір жазу