18.01.2022
  188


Қыс

Қыс дегенде бәріміздің көз алдымызға суық ызғарлы, терезелерге аяз қатқан, айналаны ақ басқан көрініс келеді. Солайы солай, қыста айнала әппақ қармен көмкеріліп, табиғат ұйқыға кететін кез. Қыстың суық күндерінде адамдар да көшеде азаяды, көбінесе жылы жерлерде жүреді. 


 


Балалар қыс мезгілі келгенде еркше қуанады. Оның себебі жоқ та емес, балалар үшін қыс ерекше таңғажайып мезгіл. Қыста шанамен сырғанап, қар атысып, аққала жасап, керемет, көңілді уақыт өткізуге болады. Сондай-ақ қыста демалыс күндері өте көп. Мәселен 1 желтоқсан, 16 желтоқсан және ең көк күтілетін әлемдік мереке - жаңа жыл. Жаңа жылды бәріміз де асыға күтеміз. Барлығымыз жаңа жылға жаңа жаспен көшеміз. Кішкентай балалар тіптен Аяз ата мен Ақшақардың келуін күтіп, сыйлықтар алады.


Қыс келген мезетте жан-жануа, жәндіктер терең ұйқыға кетеді. Олар жаз бойы өз жемтіктерін жиып, қыста өз ұяларында дем алады. Себебі жануарлар үшін қыс аса қауіпті және қимыл-қозғалыс үшін ыңғайсыз болып келетін мезгіл.


Қыста қала табиғаты да сұр атмосфераға енеді. Көліктердің қозғалыстары күрделеніп, жер тайғанақ келеді. Қыстың күні балалар сол үшін де аса мұқият болғаны абзал. Қыста адамдар дәруменге толы тағамдар жеп, қалың киім киініп өзін-өзі күтуі қажет.





Пікір жазу