Ит адамның досы
Ит жеті қазынаның бірі. Итті атам қазақ ежелден құрметтеген. Ит күзетші, адамның досы. Қазақта итке деген ерекше көзқарас бар. Біздің иттер үлкендердің айтуынша үйдің табалдырығын аттамайтын ақылды иттер. Олар адамға қызмет етеді. Тек үйін ғана емес, мал толы қорасын да күзетіп, қасқырлардан қорғаған. Қазірге дейін олар өздерінің осы бір ниетінен таймай келеді.
Қазақтың иті тазы деп аталады. Олар қазақтың мақтанышы. Тазы өте ерекше тұқымды ит. Ит елде ерекше бағаланады. Ит асырау біздің қанымызда бар. Итті біздің жігіттер де ерекше бағадайды. Ит сондай-ақ денсаулығы өте мықты үй жануары. Әдемде иттің 600-ден астам пародасы бар екен.
Тазының құнына тоқталатын болсақ: 1917 жылдары қара базарда 1 тазыға 47 жылқы берген екен, 1937 жылдары 37 жылқы, 1947 жылдары 1 тазыға 27 жылқы берген екен. Тағы бір қызығы тұрмысқа шыққалы қыздың қалың мал орнына 1 тазы ит берген екен. Ал қазіргі кезде қара базарда тазының құны 300 доллар тұрады екен.
Тазының саны жылдан жылға азайып келе жатыр, кинологтар есебі бойынша: 1939 ж – 7000 тазы болса, 1990 ж. – 3000 тазы, 2005 ж.-700 тазы, 2012 ж. -300 тазы ғана қалды.
Иттер есту қабілеті өте керемет дамыған жануарлар. Олар алыстағы жау не ұрыны бірнеше километрден байқаған. Сол үшін де болар иттерді қазақ атам қатты бағалаған.