Арақ, темекі зияны туралы
Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы,
Аршаты ауылы физика, математика пәнінің мұғалімі
Құрметжанова Жанерке
10 сынып
Сабақтың тақырыбы: Арақ, темекі – қасірет көзі
Сабақтың мақсаты: Жас ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әдеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратының ескерту. Ішімдік және темекенің ағзаға тигізер әсері, келешек өмірлеріне оның зардаптары, адам ағзасына теріс әсері туралы түсіндіру.
Көрнекілігі: Суреттер, видеокөрсетілім, слайд, даналық сөздер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
Түстер арқылы екі топқа бөліну.
Шаттық шеңберіне жиналып бір - біріне өз есімдерінен басталатын тілектер айту
І. Кіріспе бөлімі
Мұғалімнің сөзі: Денсаулық – адамның ең қасиетті де құнды, қайталанбас, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы. Біз осы жаңа ғасырдан күтер үмітіміз көп. Сондай - ақ қазіргі заманда адам ағзасына тиер залалы да жетерлік. Тірі ағзаға тиер экологиялық үш фактордың әсері осы таңда айтпаса да көзге шыққан сүйелдей болып көрініп тұрғаны анық.
Салауатты өмір салтының мақсаты - өмір сүрудің мағынасы терең екендігін білдіруде.
Ішімдік, темекі, нашақорлық – адамның жауы. Бұл жолдан аулақ жүру керек. Басты байлық денсаулық екендігіне сіздердің көздеріңізді жеткізгіміз келеді. Олай болса, біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз “Арақ, темекі – қасірет көзі ” тақырыбында өтеді.
ІІ Негізгі бөлім
1. Сөз жұмбақ шешу
1. Салауатты өмір салтын ұстауға насихаттайтын пән?
2. Тазалық сақтау туралы ғылымды не дейді?
3. Гигиенаны ерте кезден бастаған елді ата?
4. Адамға ең керекті тағамдардың бірі.
5. Адам не жетіспегенде өмір сүре алмайды?
6. ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде?
7. Дені сау адамның денсаулығын сақтау туралы қандай ғылым бар?
8. Адам денсаулығына ең керекті не нәрсе?
9. Осы әдісті дұрыс қолдана білсек 99 аурудан сауығуға болады деп айтты американдық ғалым П.Брэг?
2. Бейнекөрсетілім көрсету
1) Темекі туралы
2) Алкоголь туралы оқушылардың ойын тыңдау
3. Постер құрау және оны қорғау
1. «Зерттеушілер» тобы
2. «Тарихшылар» тобы
4. Аптасына, айына, жылына темекіге кететін шығынды есептеу
1 қорап темекі - 250 тг болса
5. Мақалды жалғастыр «Өз үйіңді адаспай тап»
1. Денсаулық -(зор байлық)
2. Жарлының байлығы -(денінің саулығы)
3. Жан ауырса тән азады,
(Қайғы басса - жан азады.)
4. Дені саудың (жаны сау.)
5. Дені сау ұрпақ -(ел болашағы)
6. Ауруын жасырған (өледі.)
7. Шынықсаң (шымыр боларсың)
6. Сергіту сәті (Билеу)
7. Бір тамшы ой
Суретке қарап бір ауыз өлең құрау
8. Жағдаятты шеш
1. Бір спортсмен өзі әйгілі болады. Жақсы, жұртқа танымал.
Бірақ табыс көзі онша болмайды. Енді ол отбасынан асырау үшін“Арақ заводына” жұмысқа тұрады. Алғашқы кезде жақсы табыс тауып жүреді. Кейіннен ол аз-аздап ішіп, араққа бойы
үйреніп кетеді. Енді жұмысты тастайын десе, ақша керек, тастамайын десе, ішіп қоя береді. Жағдаяттан қалай шығуға болады?
2) Ол 15 жаста. Темекі тартып, арақ ішіп, аз - аздан үйреніп жүріп әбден бойына сіңіріп алды. Ал оның ағасы да алғашқыда қалай бой ұрғанын білмей қалған болатын. Інісі ағасының сол бір заттардан қанша зардап шеккенін біледі. Бірақ өзі сол заттарды тастай алмайды. Сіздің пікіріңіз?
ІІІ. Қорытынды
Ақылдың алты қалпағы. Өз пікірлерін түстер арқылы көрсету
Назыкеш: Уа халқым, назар аудар денсаулыққа
Өмірде бақыттысың денің сауда.
“Денсаулық – терең бақыт” деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.
Мағжан: Денің сауда күштісің бұл әлемде
Денің сауда сұлусың жер бетінде.
Сол мықты денсаулықтың арқасында
Жеңерсің ауыр заман тәлкегін де.
Бақыт: Денің сауда жетерсің арманыңа
Жоспарлап алға қойған мақсатыңа
Денің сауда көрерсің бұл дүниенің
Бар қызық, рахатын, жарығын да.
Жеңіс: Денсаулық – шексіз бақыт халқым менің
Сондықтан көңіл аудар денсаулыққа.
Қолда барда біл оның қасиетін
Күтіп, баптап аяла әр уақытта
Стикерлерге өз ойларын жазу