18.01.2022
  154


Шырайлы қала - Шымкент

Шымкент атауын естігенде бәріміздің көз алдымызға шым шаһарды шыжыған шілдесі елестейтіні бар. Бастауы терең тарих қойнауында жатқан Шымқала тарихи деректерге сүйенсек б.з. ІІ-ғасырда құрылған екен. Ал бірнеше жыл бұрын қала тұрғындары миллионға жетіп, мегаполиске айналған жайы бар. Қаладағы халық саны мемлекет аумағы бойынша үшінші орында болса да, бейресми мәліметтер бойынша халық саны әлдеқайда көп.


 


Қала жылдан жылға ерекше мәдени көрікке еніп келе жатқан жайы бар.  Қала атауына келсек шым сөзі кейбір деректер бойынша жасыл аймақ, өлке деген мағынада. Дегенмен де бұл деректер нақты емес. 


Бір кездері Қазақстан Ресей құрамына енуіне байланысты атауы Черняев болып өзгертілген болатын. Кейіннен наразылық туындап 1921 жылы қайтадан Шымкент атауы берілді. Ал бүгіндері қаланы тұрғындар Шымқала, Шым шаһар, Шырайлы Шымкент деп те атай береді. 


Шымкенттің көрінісіне келсек ол табиғат пен заманауилықтың тоғындысындай. Шымкенттен нағыз қазақилықтың иісі аңқиды. Көрнекі орындары тарихпен ұштастырылып, заманауилықтың сияларымен біріктіріліп, көрер көзге ерекше көрініс сыйлайды. Мұнда заманауи бизнес орталықтарынан бастап, сауда, ойын, сауық орталықтары жетерлік. Бұл сәтте Шырайлы Шымкенттің той думанның ордасы екендігін айтпай өтуге болмас.





Пікір жазу