18.01.2022
  157


Менің атам

Мен ата-әженің тәрбиесімен сусындап өсіп келе жатқан жас ұрпақпын. Бүгін әдебиет сабағынан беретін апайымыз бізге ата-әжелерін жайлы шағарма жазып келуді тапсырды. Мен қуана-қуана бұл тапсырманы орындап жатырмын. Мен ата-әжемнің маған беріп жақтан тәрбиесімен мақтанамын. 


 


Менің атам бұл әлемдегі ең ғажап жан. Ол әркез маған ақылың айтып, маған дұрыс жолды бағыттап, менің әдепті де тәрбиелі болып ержеткенімді қалайды. Менің атам өз ортасында, туған-туысқандар мен ағайындар арасында сыйлы, құрметті. Барлық адамдар менің атамды құрметтейді, мәселе туындаса атаммен ақылдасып, дұрыс шешім қабылдауына көмектеседі. Және де атам ел ісіне белсене араласып, жастарға үлгі-өнеге көрсетіп жүреді әркез. Атам әрқашан бізге «еңбектен ешкім өлген өлмес, жас кездерінде тымбай еңбектенсеңдер қартайғанда еңбектеріннің жемісін көресіңдер» деп өз ақылың айтып отырады. Әр көктемде ауылда атамның бастамасымен табиғатты тазалау, су ағатын арықтар мен бұлақтардың көзі ашу жұмыстарын қолға аламыз. Осы арқылы қоршаған ортамызды тазалап қана қоймай, сонымен қатар ауылдастар арасындағы бірлік пен татулықты арттырамыз. Бұл жылда қайталанып отыратын дәстүрге айналды. Атам әр мереке кезде қара шаңыраққа барша туған-туысқандарымызды жинап, біздің бірлігіміз бен отбасылық жарасымдылығымыздың артуына өзінің зор үлесін қосып жүреді. Сол үшінде мен атаммен мақтанамын. Ата-әжесі бар үй қазынаға бай үй емес пе?





Пікір жазу