Сыныптастарым - бауырларым
Сыныптас достар кез келген адам өмірінің маңызды бөлшегі. Адам үшін жанына демеу болып, қиналғанда қолдап, қуанғанда бірге қуанатын дос жанашыр жоқ болар. Және сол жанашыр достарыңның бірі сыныптастарың. Себебі ол адамдармен сенің өміріңнің ең маңызды кезеңі - жастық шағың бірге өтеді. Бірге асыр салып ойнау, бірге жасаған бұзақылық, бірге дайындалған сабақтар мен мерекелер тіпті, мұғалімнен бірге ұрыс естіген күндерің, жеткен жетістіктерің мен жеңілістерің осы достарыңның көз алдында өткендіктен болар. Олар сенің өміріңде маңызды орын алып жатады.
Сыныптастар 5-10,20,30 жылда бір кездесіп тұрады. Кейбіреулері аралас-құралас болып қалса, басқалары мектептегі партадан басталған достықтары махаббатқа ұласып, отбасын құрып жатады.
Сыныптас достарын жақсы көрмейтиін адам жоқ болар. Себебі ол кезде бәрі де бала, ешкімнің ойыянда жамандық, арамдық, көре алмаушылық деген жоқ. Бәрі де бірін-бір үшін тек шынайы қуанады. Достық деген ұлы күш дәл осы мектеп қабырғасынан басталуы да содан болар. Бала кезі адамның ең таза, бейкүнә кезі болғандықтан, сыныпта туған махаббат та, достық та өте берік сезімдер счаналады. Сыныптас - сынып досың!