18.01.2022
  294


Достан артық адам жоқ

Достық - ұлы күш. Әрбір адамның өмірінде достың алар орны ерекше. Кейде көңілің қаязып, мазаң болмаған тұстарда жаныңа демеу болып, сені қолдайтын да осы дос. Достықтың әнін мәңгілік жырлауға болады. Қазақта жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын деген асыл сөз бар. Расымене де доссыз өмір бостай. Күнделікті күрбелең тірлігіміз бен сұрға боялған мына тез өткен ғұмырдың дос сәнін кіргізіп жүреді.


 


Дос деп кімді айтамыз? Қуанышты да, қайғыны да бөліскен... Дос керемет болуы керек емес, жай ғана өзіңнің жаныңа жақы, кейде тіпті саған ұқсас адам болуы мүмкін. Онымен саған өзіңді еркін сезінуге болады. Ол сенімен жасты болмауы да мүмкін. Меніңше, дос деп бір-бірімен сөзсіз түсінісетін адамдарды айтса керек. 


Менің достарым өте көп. Дегенмен де ең жақын достарым аз. Оның себебі де бар болар. Жаныңа шынайы жақын адамдарды өмірде кездестіру аса оңай емес. Мен достарымды олардың жақсы, жаман тұстарымен жақсы көремін. Олардың кез келген шешімдерімен келісіп, үнемі қолдау көрсетуге тырысамын. Менде бір жаңалық бола қалса, өздерімен бөлісемін, жоспарларыммен, армандарыммен, ішкі сырларыммен еш қорықпай бөлісемін. Мына әлемде шынымен де достық секілді құдіретті күш болғанына өте қуаныштымын.





Пікір жазу