18.01.2022
  370


Алаш ардақтылары


Қазақстан – басынан көптеген қиыншылықтарды өткерген ел. Бұрында жоңғар шапқыншылығына төтеп берсе, бертін келе Ресей империясының қысымынан шығуға әрекеттеніп, ұлттық құндылықтарын сақтап қалуға талпынды. Осы тұста «Алаш идеясы» - қазақтың мемлекеттік, ұлттық идеясы болды.


 


Қазақстанның тәуелсіздігі үшін аянбай қызмет жасаған алаш ардақтыларының ерен еңбектері тарихта сақталып қалды. Алаш ардақтылары кімдер? Олар Әлихан Бөкейханов бастаған Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Бақытжан Қаратаев, Халел және Жалел Досмұхамбетовтар, Мұстафа Шоқай, МұхаммеджанТынышбаев сынды және басқа ұлт зиялылары елдің тәуелсіздігі мен ұлттық құндылықтарды сақтап қалу үшін жанаямай жұмыс жасады.


Қазақ тарихында Алаш ардақтыларының алар орны аса маңызды. Олар сан ғасырлық қазақ салт-дәстүрін төңкеріспен өзгертуды емес, қайта оларды өркениетті елдердің өмір тәжірибесін ескере отырып, білім алып, дамытып, көппен бірдей теңесуді қалады. Басты мақсаттары – ата-бабамыздан мұра болып келе жатқан атамекенімізді сақтап қалу болды. Сол жолда күресті.


Ұзаққа созылған күрес соңында Қазақ халқы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізіп, қазіргі таңда әлем картасында өзіндік белгіленген шекарасы бар тәуелсіз елге айналды. Ендігі мақсат Алаш идесясын сақтап, Алаш ардақтылары армандаған тәуелсіздігімізді баянды ету.






Пікір жазу