18.01.2022
  319


Менің болашақ мамандығым

Менің болашақ мамандығым - дәрігер. Бұл мамандықты таңдауыма түрткі болған менің әпкем. Мен алғаш мектеп табалдырығын аттаған сәтімде әпкем қатты ауырып, менімен бірге мектепке бара алмаған болатын. Дәл сол сәтте менің дәрменсіз болғаным, әпкеме көмек бере алмағаным қатты ашуыма тиді. Алайда менің дәрігер болуға деген қызығушылығым бірте-бірте оянды. Мен үнемі анам не достарым сырқаттанып қалған кездерде жанымды қоярға жер таппаймын. Бәріне көмек бергім келеді. Сондықтан да мен өз тарапымнан туындаған жанашырлықты дұрыс жолға бағыттауды, дәрігер боламын деп шештім.


 


Дәрігерлік менің ойымда аса жауапкершілік пен табандылықты талап ететін ас күрделі мамандық. Себебі дәрігерде науқас өзіне ең қымбаттысын тапсырады, жанын. Сондықтан да болар дәрігерлер басқа мамандық иелеріне қарағанда едәуір ұзақ білім алады. Дәрігерлікті тіпті 9 жылдың ішінде де толықтай қамту мүмкін емес. Дәрігерлікке адамдар өмірінің соңына дейін үйренеді. Себебі медицина бір орында тұрмайды. Адамдар үнемі қандай да бір емге жаңа препараттар, профилактика не емдеу тәсілдерін ойлап тауып жүреді.


Мен де өмірімнің соңына дейін өзімді осы мамандыққа арнауға дайынмын. Халқыма адал қызмет етіп, жақсы дәрігер атану арманым.





Пікір жазу