Мұхтар Әуезов
Мұхтар Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері. Ол 1897 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында дүниге келген. Атасы Әуез арқылы арабша хат танып, жастайынан зерек, ақылды бала болып өсіп Семейдегі медреседе, кейіннен орыс мектебін оқиды. 1910 жылы Семейде алғаш өзінің «Дауыл» атты шығармасын жазып шығады.
Мұхтар Әуезов – қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы. Қазақ әдебиетіне өзіндік зор үлес қосқан жауһар шығармалардың авторы. Бұл жазушы бүкіл әлемге «Абай жолы» эпопеясы арқылы қазақты танытқан. «Абай жолы» эпопеясын жазу үшін 30 жыл уақыты кеткен. Қазақтың ұлы ақыны – Абайды тек қазақ халқына ғана емес бүкіл әлемге танытты. Романда тек Абайды ғана емес қазақтың салт-дәстүрі мен тарихы жайлы да жазылып өткен.
Мұхтар Әуезов қазақ әдебиетіне зор үлесін қосып қана қоймай, қазақ драмургиясына да өз үлесін қоса білгін тұлға. Оның жазған пьессалары әлі күнге дейін сахнада қойылуда. Алғаш 1917 жылы семинарияда оқып жүргенде Шәкерім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза» дастанын негізінде «Еңлік-Кебек» пьессасын жазып, оны Ойқұдық деген жерде сахнаға қояды.
Жазушының «Қорғансыздың күні» шығармасын оқығанда қыз баласының тағдырының қиындығы, оның жолы жіңішке екенің және бір түсінгендейміз. Бұл шығарманы біз әдебиет сабағында оқығанбыз. Және «Оқыған азамат», «Кім кінәлі?», «Қыр суреттері», «Үйлену» сынды т.б. шығармалары халық жадында әрі көп оқылатын, қазақ әдебиетінде өшпес орын алған.
Мұхтар Әуезовтің өзі де, сөзі де ұрпақтан-ұрпаққа қалып отыратын жауһар туындылар.