Есірткінің зияны
Жасөспірімдер арасындағы нашақорлық мәселесі қоғам алдындағы бірінші жау атанды. Бірнеше он жылдықтар бұрын біз есірткі сияқты зиянкесті біздің елге қатычсы жоқ деп санайтынбыз, ал қазір бұл қауіп бүкіл әлемде жаһандық ауқымда қабылданып, біздің мемлекетке де жетті.
Неге адамдар есірткі қабылдайды? Менің ойымша, есірткі арқылы адамдар бүгінгі басындағы мәселесінен арыламын деп ойлайды, бұл бірте-бірте олардың қорқынышты зянкеске тәуелді болуына әкеледі. Менің ойымша, нашақорлар – болашағы жоқ адамдар, олар тек есірткі туралы ойлайды, ал есірткі миын, өкпесін, бауырын бұзады, барлық қалтасындағы қаражатын есірткіге жұмсайды.
Көптеген жасөспірімдер есірткіні тек бір рет байқап көремін деп ойлап, оған тәуелді болып қалады. Есірткімен күресу есірткіге тәуелді организм үшін ерекше қиынға түседі. Нашақорлар тек өз өмірі мен денсаулығын құртуға ғана емес, олар кез келген қылмысқа, тіпті өлтіруге дейін қабілетті.
Менің ойымша, біздің қоғам осы қорқынышты зұлымдықпен қатаң күрес жүргізуі тиіс. Біздің елде және шетелде нашақорлықты емдеумен айналысатын көптеген медициналық орталықтар құрылған. Тек сонда ғана ұрпағымыздың сау, таза әлемде өмірге келуі мүмкін. Толық сауығу үшін адамға шынайы ықылас қажет, ал жақындарының махаббаты мен қолдауы оған ауыр сырқатпен күреске көмектеседі.
Сатқын - жақын адамының проблемасын байқап, оны басқаларына айтқан адам емес, оның проблемасын көре тұра көз жұматын адам екендігін естен шығармаңыз.
Нашақорлық тек бүгінгі заманның алдында ғана емес, болашақ ұрпақ алдында да кінәлі!