Астанадан Нұр-Сұлтанға
Астана қазіргі Нұр-Сұлтан қаласының ескі атауы. Астана 1997 жылы еліміздің елордасы мәртебесін алған болатын, ол кейіннен 2019 жылдың көктемінде Нұр-Сұлтан болып өзгертілді. Десе де, ел басындағы ең тарихи маңызы бар күндер дәл осы қаланың атауы Астана кезінде орын алған болатын. Астана ел таныған қалаға айналды. 2017 жылы өткен әлемдік деңгейдегі Экспо көрмесінің арқасында қаланың статусы көтеріліп, әлемдік деңгейге шықты десек болады. Астана өзінің 21 жылдық атауы кезінде нағыз брендке айналды. Тіпті, қала атауымен кейбірі балаларының атын атаған.
Қазір президент резиденциясы дәл осы қалада орналасқан. Астананы нағыз астана еткен еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа айтылар алғыс пен мадақ мол. Бір қаланың аудан тектес күйінен заманауи цивилизациялы, нанотехнологиялы қалаға айналдыру оңай тірлік емес. Ол қаншама адамның маңдай тері мен ерінбей атқарған еңбегінің арқасында деп білемін. Қазірде қала бизнес пен өркендеу үшін өте оңтайлы өңірге айналған. Мұндай күннен күнге дамып келе жатқан елордаға салым салушылардың да саны жетерлік. Әрине, бұл тек елбасының емес, осы қала үшін титімдей болса да үлесін қосқан әр қазақ үшін мақтаныш.
Сондықтан мен Астананы қазіргі Нұр-Сұлтанды жақсы көремін. Оның сұлулығы үшін, оның бары үшін.