18.01.2022
  321


Автор: Жібек Ысқақова

Қаңтар келіп, қаралы етті (2022ж)

Қаңтар келіп, қаралы етті,
Ызғарымен тоңдырып.
Қазағымды азалы етті,
Қайғы-мұңға толтырып.

Қаңтар келіп, қаралы етті,
Шаңырақты ойрандап.
Көп адамды қазалы етті,
Бұзақылар тайраңдап.

Қаңтар келіп, қаралы етті,
Шаңырақты бүлдіріп.
Азалы етті, қазалы етті,
Жанымызды күйдіріп.





Пікір жазу