Ой-өріс кеңдігі және ақыл-парасат
Адамның парасат биігі жоғарылаған сайын қоғам өміріндегі қадамдары жарқын бола түседі. Өмір туралы, өзі туралы ой аясы кеңейіп, не мақсатта уақыт өткерерін ұғынады.
Қайдан келдім, қайда барамын? Бұл сауал орнықпаған сана тоқырау шеңберіне енеді. Білім алу мен керемет оқу орнында оқудың бір ұғым еместігін ұғынады. Марк Цукрбург, Илон Маск секілді тұлғалардың керемет оқу орнында оқымағаны мәлім. Дегенмен, оқуы үшін, үйренуі үшін бұл кедергі болмаған. Үйренуді үйрену курсының жетекшісі Барбара Оакли славян тілдерінің маманы ретінде армия құрамында қызмет атқарады. Кейіннен инженерия саласына бет бұрып, ЖОО профессоры дәрежесіне жетеді. Өмір мен өзін өзгертуге ешқашан кеш еместігін реал оқиғасымен дәлелдеген маман онлайн оқу тиімді екенін айтады.
Илон Рив Маск – канада-амеркикалық кәсіпкер, инженер, өнертапқыш, инновациялық жобаларды инвестициялайтын бизнес-магнат. SpaceX, Tesla Motors компаниясының негізін құрушы, басшысы, SolarCity, PayPal тең құрылтайшысы баламалы энергетикаға қатысты жаңа технологиялар жасауға, экологиялық таза электромобильдерді, үнемді күн сәулелік электр станциясын құрастыруға қатысқан. Ол адам қабілетінен тыс деңгейдені OpenAI жасанды инттелект жасау, Hyperloop концептуалды жоғары жылдамдықты тасымалдау жүйесі, Марсқа саяхаттай алатын әуе кемесін жобалау мәселелерімен айналысқан. Илон Масктың білімді керемет университет қана бере алмайтындығын жеткізген ойы бар: «Оқу мен білім алуды шатастырмаңыз. Мен Харвардта оқығам жоқ, бірақ сонда оқығандар менде жұмыс істейді».
Дала академиясынан талай танымал билер, шешендер, қол бастаған батырлар шыққан. Оның барлығы қоршаған ортаға зерек жанармен қарау арқылы дағдыланған әдет. Менше, үйренуге, ой-өрісті кеңейттуге, оқып ақылды болуға, парасат игеруге ешқашан кеш емес.