18.01.2022
  190


Газет

Газет өлді ме? Газет оқылмайды ма? Газет кешегі күні ақындардың поэмаларымен, әңгімелерінен бастау алып елдің, әлемнің жағдайынан хабар берсе, бүгінгі газет саяси құжат секілді, себебй жарқ-жұрқ еткен өлең жолдарын байқай бермейсіз. Газет оқу да бір өнер деседі. Себебі оның тілі бөлек, айтары бөлек. Газет оқыған адамдардың ешқайсысы жаңалықтан шет қалмайды. Онда төртінші биліктің көзқарасы сипат алады.


 


Газеттың жанры көп. Ол саяси, танымдық, денсаулық, сұлулық жайында болуы мүмкін, шығарылу аймағына байланысты аймақтың, қалалық, республикалық болып бөлініп жатады. Сондай-ақ қазірде мемлекеттік емес басылымдар көптеп кездеседі. Газет көп болған сайын, ол саладағы бәсекелестіктің де саны артады, содан соң тиісінше мақалалардың сапасы артады. Мәселен теледидардан көрсеткен жаңалықтарда жаңалық өте қысқа, ең маңызды ноталары ғана берілсе, газет беттерінде дәл сол жаңалықтар ішмайымен бірге беріледі, оның үстіне жаңалық жазылып беріледі.


Газет т ек бір адамның маңдай терімен емес, бір ұжымның атқарған қызметінің нәтижесі. Ол алдымен теріліп жазылады, жөндеу, түзетуде өткізіледі, содан соң баспаханаға жіберіледі, тек содан кейін ғана біздің қолымызға жетеді. Ал бір мақаланы жазу үшін журналистің еңбегі зор болады. Ол бір мақала үшін бірнеше күнін жұмсауы мүмкін, тек шынайы, маңызды ақпаратты халыққа ұсынуды көздейді.





Пікір жазу