18.01.2022
  291


Дінмұхамед Қонаев

Дінмұхамед Қонаев есімі қазақ халқы үшін қастерлі әрі қадірлі екені даусыз. Кеңес дәуірінде қазақтардың басты арманы ұлтын сақтап қалып, тәуелсіз ел болу еді. Осы жолда көп қиыншылықтармен күрескен жандар кем емес. Сол жолда талмай жұмыс істеп, халықтың тәуелсіздігін алуға ұмытылған тұлға – Дінмұхаммед Қонаев. Қазақтың сүйікті ұлы 1912 жылы 12 қаңтарда Верныйда қаласында дүниеге келген.


 


Жастайына тау-кең инженері болуды армандаған. Ол бала күннен Мұқамеджан  Тынышбаевты үлгі тұтып, сол кісі секілді болуды армандайды. Оның еліне деген сүйіспеншілігі мен махаббаты әрбір жастың жүрегінде патриоттық сезімді ұялатары анық.


Қазақ өнерін жоғары бағалан ол өнерде жүрген жандарды жан-жақты қолдап, қазақ мәдениетінің дамуына зор үлес қоса білді. Өнер ордалары салынып, мәдениет үйлері әр аймақта көтеріліп, мәдениет саласы қарқынды дамыды.


Сол кездегі қазақ жерінің астанасы Алматының көркеюіне зор ықпал жасады. Қалада Үкімет үйі мен ғылым акедемиясының ғимараты бой көтерді. Көшелер кеңейіп, «Медеу» спорт кешені, оқушылар сарайы, мектеп пен бала-бақшалар, республика және мәдениет сарайлары бой көтеріп қала әсемдігі арта түсті.


Димаш Қонаев өте қарапайым, сабырлы, иманжүзді, өте мәдениетті кісі болған. Тек ұлт қамын ойлап, ұлт болашағының жарқын болуы үшін тынбай қызмет жасап, халық есінде мәңгі қалды. Ұлт жанашыры 1993 жылы 22 тамыз күні бақилық болды.





Пікір жазу