18.01.2022
254
![](/uploads/shorttexts/author_image/me0qjr6ictu.jpg)
Азалы күн болмасын! (10.01.2022)
Азалы күн болмасын,
Қайғы берер еліме.
Бәйтерек, гүл солмасын,
Қайғы берер жеріме.
Бұзақылық болмасын,
Ел тынышын алатын.
Бар тыныштық орнасын,
Жақсы күндер болатын.
Жаңа жылдың басы бұл,
Қан төгіспен басталды.
Бұзақылық орналып,
Түнек басты аспанды.
О, Жаратқан демей көр,
Азалы үйге күш беріп.
Қайғы-мұңды өткерер,
Жақсылықты іс беріп.
қасірет Қаңтар қаралы қаңтар қақтығыс Дүрбелең ел қайғысы жалпыұлттық аза тұту күні 10 қаңтар қайғы аза тұту күні қаңтар оқиғасы 2022 қаңтар оқиғасы