18.01.2022
  238


Автор: Жібек Ысқақова

10 қаңтар қаралы күн (10.01.2022)

Жаңа жылдың басында,
Ел тынышы бұзылды.
Қанша ма адам мерт болып,
Толықтырды тізімді.

Отан үшін жан берген,
Полицейлер қаншама.
Өлім құшқан бір демде,
Жазықсыз жан қаншама.

Үнсіздікті сақтайық,
Боздақтарды еске алып.
Күйініп іштей жылайды,
Қайғыра бірге бар халық.





Пікір жазу