17.01.2022
  510


Қош бол, бастауыш сыныбым!

Бастауыштың да соңына келдік. Енді оқулық бағдарламамыз да қиындай түспек. Мен бастауыш сыныптарым үшін сынып жетекшіме, ұстаздарыма алғысым шексіз! Әрине, бұл тұста менімен бірге білім алып, барлық мерекелерді бірге қарсы алып, ойнап, бірге жетілген сыныптастарымды да ұмытуға болмас. десе де, балалығыммен қоштасуға да асықпаған едім, енді ересек сыныпқа көшесіз, сынып жетекшіміз өзгереді. Ендігі кезекте бұрынғыдан да ауыртпалық көбірек түспек, сынып жетекшіміз де өзгереді. Өмірдің келесі бір сатысын асыға күтемін.


 


4 жыл оқытып білім берген ұстазымызды еш есімізден шығармайтын боламыз. Себебі бұл кісі біздің екінші анамыздай болды, біздің бар еркелігіміз бен бұзықтығымызды көтере білді. Біздің барлық жеңісіміз бен жеңілісімізге куә болды. Бізге артқан үмітін ақтаймыз деп сенемін. Ол кісі үшін әрқайсымыздың орнымыз бір бөлек болса, ол кісінің де біздің өмірімізден алған орны ерекше. Бізді өсіп жетілдірген ұстазымызға мың алғыс.


Тардай болып кірсек, ендігі бір қыр болдық. Әліпбиден бастап, санаққа дейін, көбейту кестесіне дейін үйреткенің үшін көп рақмет. Сенің арқаңда осы өмірден өз бастамамызды алдық. Қош бол, бастауыш! 





Пікір жазу