17.01.2022
  277


Зар заман ақындары

Зар заман ақындары – қазақ әдебиеттану ғылымына алғаш рет М.Әуезов енгізген термин, зар заман кезеңінде ғұмыр кешіп, отарлық езгіге түскен қазақ халқының тағдырын мұң-зармен жырлаған ақындар шоғыры. Зар заман ақындарының белгілі өкілдері: Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы т.б.


 


М.Әуезовтың атуы бойынша зар заман дәуірі Абылай ханнан басталып Абайға дейінгі жүз жылдықты айтады. Бұл уақыт аралығында қазақ халқы қаншама қиыншылықтар мен қиянатты бастан кешті. Қалмақ, жонғар шапқыншылығы мен ресей құрамына кірген кезден бастап өзіміздің тіліміз бен дінімізден айырыла бастаған кездердегі ақындардың мұң-зары өз жырларында баяндалады.


«Зар заман» атауы негізінен Шортанбай жыраудың жыры. Бұл жырда сол кездегі халықтың шеккен зардаптары мен мұңы баян етілген. Зар заман ақындарының өлеңдерінің мәні ресей империясының озбырлығы мен сол заманғы сұрқия саясаты. Ақындар қазақ жерінің шұрайлы жерлерін тартып алып, ұрпақтарын азғындырып, діннен бездіру сынды империяның құйтырқы әрекеттеріне қарсыласу әрекеттерінен өлең-жырлар жазып, қарсылықтарын ашық білдіріп жатты.





Пікір жазу