Тәуелсіздік таңы
Тәуелсіздік – кез келген халықтың, елдің еркіндігі. Атар таңы мен батар күні, жасап жатқан Отаны. Әлемде көптеген елдер бар болса әрқайсысының өз туы мен елтаңбасы, ұрпағына үлгі тарихи бар. Осы тәуелсіздік жолында ата-бабаларымыз қаншама қиыншылықтар мен зор азапты бастан кешірді. Жоңғар шапқыншылығы және Кеңес дәуірінің отаршылдығы баршасын көрген қазақ халқы іштей тәуелсіздік таңы атарына нық сенімді еді. Міне, бүгін сол ғасырлар бойы бабаларымыздың армандаған тәуелсіздік таңы атты. Бұл қазіргі жас ұрпақтың баға жетпес қазынасы. Еліміз бейбітшілік пен бірлікте өмір сүріп жатыр екен, бұл қазынаны аялап, қорғап өту әрқайсысымыздың басты мұратымыз әрі Отан алдындағы парымыз болмақ.
1991 жылы 16 желтоқсанда әлем картасында тәуелсіз, еркін, өз тілі мен дәстүрі бар, шекарасы мығым жас жаңа Қазақстан мемлекеті пайда болды. Бұл хабарды естігенде барша халық ағыл-тегіл жылап, тәуелсіздік таңынын атқанына шексіз қуанды. Тек қазақ халқы ғана емес түбі бір Түркия елі де қуанып, алғаш құттықтап хабарласып өзінің ақжарқын тілегін жеткізді. Кейіннен барлық экономикасы мықты мемлекеттер құттықтап, қуанышты бөлісіп жатты.
Сол күннен бастап Қазақстан қарыштап дамып, экономикасын жақсартуды көздеді. Әлемдік аренада өзіндік орынға ие болып, біртұтас, дамушы ел екенін көрсете білді. Қазіргі таңда өзінің мемлекеттік рәміздері мен әнұраны бар жеке дара Ел болып қалыптасты. Еліміз астанасы – Нұр-Сұлтан бейбітшілік пен татулықтың, ұлтаралық қатынастың, мәдениет пен өркениеттің, жастардың қаласы. Бұл қала күнсанап гүлденіп, жайнауда. Әлем халқы қызыға тамашалайтын әсем ғимараттар мен көрікті қалаға айналды.
Тәуелсіз елдің алғашқы президенті, Елбасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұланғайыр елдің көркеюіне, дамып гүлденуіне еңбектеніп, зор үлесін қосқан біртуар жан. Қазіргі таңда Қазақ елің әлем таниды. Экомика, саясат, өнер мен спорт салысында өзіндік орны бар қазақ азаматтары баршылық. Қазақстан жалауың әлемдік сайыстарда желбіретіп, Әнұранын әуелетіп жүрген ел азаматтары әрқашан мақтауға лайықты. Мұның бәрі тәуелсіздіктің арқасы. Біз, өскелең жас ұрпақ, бабаларымыздың арманы орындалған тәуелсіздікті қадірлеп, оны көзіміздің қарашығындай сақтаймыз. Тәуелсіздік біздің баға жетпес байлығымыз!