17.01.2022
  361


Аға

Ең алдымен бауыр деген сөзге тоқталғым келеді. Біз анамыздың бауыр еті баласымыз, ал одан туған балалар біріне-бірі бауыр? Неге бауыр сөзі ең жақын адамдарға қолданылатынын білесіз бе? Себебі бауыр адамның ажырамас бөлігі. Өкпе, бүйрексіз өмір сүруге болады, тіпті жүректің өзін алмастырып жатады, ал бауырды алмастыра алмайсың. Сондықтан да адам жанына осыншалықты қымбат дүние адамның жақындарына айтылады екен.


 


Аға біздің ең жанашыр бауырымыз. Үлкен болғандықтан үнемі қамқор, үлгі, өнеге көрсетіп жүретін жомарт жан. Ол бізге кейде ата-анамыздың да орнын алмастырып, тамағымызды беріп, қаймыққанда жанымыздан табылып, қуанғанда  күлкіміздің себепшісі бола біледі. 


Менің ағам менен 3 жасқа үлкен. Сөйтсе де, тап бір маған үлкен кісідей көрінеді. Үнемі ақылын айтып жүреді. Үлкендерге құрмет, кішілерге ізет көрсетуді айтып, ақылын үйретіп келеді. Мектепке алып барып, алып та қайтатын. Мен ағамның қаншалықты жақсы адам екендігін сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Тек бір айтарым оны шексіз жақсы көремін. Мәңі аман есен, дені сау болып, өмірден өз орнын тауып, отбасын құрғанын қалаймын.





Пікір жазу