17.01.2022
  426


Қош бол, бастауыш

Бастауыш сынып – мектеп қабырғасындағы жылдардың бастамасы. Бұл уақыт отбасы мен ата-анасынан алғаш жырақтап, өзге ортаға сіңісуіне ыңғай танытатын кез. Әлі ештенені толық түсінбей, еркелігі басылмай, көзі жәутендеп апайының әр сөзің мұқият тыңдап отыратын балғын балапан шақ. Уақыт өте апай қолға қалам ұстатып, әріп пен сандарды жаттатқызып, оқу мен ілімге деген қызығушылықты арттырады. 


 


Бізге алғаш әріп танытып, әліпбиені үйреткен сынып жетекшіміз 4 жыл өзінің бойындағы білімі мен қабілеті арқылы бізді үлкен өмірге тәрбиеледі. Ең алғаш сыныпта барша оқушыларды жинап өзің таныстырған сәт бәріміздің есімізде. «Мен сендердің сынып жетекшілеріңмін, яғни екінші аналарыңмын» деп сөзің бастап, соңынан бәрімізге бірдей тәтті бәліш ұсынған. Енді міне, ең алғашқы апайымызбен, мектеп кабырғасындағы алғашқы кезеңмен қоштасатын уақытта таяп қалыпты. Бұл уақыт аралығында біз мектеп қабырғасына үйреніп ғана қоймай,  біліммен қоса тәлім-тәрбиені де толығымен үйренуге тырыстық. Үйрете білді ұстазымыз. Партада қалай отыру қажет, ұстаздармен дұрыс қарым-қатынас орнату, сыныптастармен бірге жақсы дос бола білу керек сынды қасиеттерді осы уақыт аралығында толығымен үйрене алдық. Мұның бәріне  сынып жетекшіміздің қосқан үлесі зор. Қош бол, бастауыш. Қош бол, балалығым!





Пікір жазу