17.01.2022
  950


Менің ағам

Аға – сенің қамқоршың, жанашыр жақынын. Сенің қасынан әркез табылып, өз ақылың айтып отыратын ірі тұлға. Ата-анасына қолғабыс етіп, көмектесіп жүретін, өзінен кейінгі іні-қарындастарының тәрбиесіне ерекше мән беріп қарайтын, олардың адам болып қалыптасуында өзіндік зор ықпалын тигізетін жолбастаушы шамшырақ. 


 


Ағам жайлы жаза бергім келеді. Ол кісі бұл өмірдегі ең ғажап жан. Менде кез келген мәселе туындаса әуелі ағаммен ақылдасамын, сол кісі арқылы дұрыс шешім қабылдауға тырысамын. «Ағасы бардың жағасы бар» деген сөздің астында терең мағына жатыр. Ағам қасымда жүрген кезінде өзімді еркін әрі қауіпсіз сезінемін. Кішкентай кезімнен қоршаған ортадағы барлық  дүниелердің атауы мен құрылысын ерінбей үйретіп, уақыт өте өмірдегі қиыншылықтар мен  мәселелерді дұрыс шешуге өз ақыл-кеңесін айтып отырады. Үйдегі ер азаматтар жасайтын жұмыстарды да бірге істейміз. Сынып қалған есікті, суы тоқтаусыз ағып тұрған кранды, гүлдер арасында өсіп тұрған арамшөптерді тазалау секілді ер азаматтар жасайтын жұмыстарды ағам  екеуміз уақытылы істеп, бір-бірімізге көмектесеміз. Жақында ағам маған көлік айдауды үйреті. Бірге өткізген ең ғажап естеліктер қатарына бұл оқиға және қосылды. «Ет пен тырнақ ешқашан ажырамайды» деп анамыз әркез айтып отырады. Бұл рас. Кейде арада болып тұратын түсініспеушіліктер пен реніш көп уақыт өтпей ұмыт болады. Аға-інілілер арасындағы терең сүйіспеншілік пен риясыз сезім әлемдегі ең ұлы махаббаттардың бірі әрі бірегейі. Бұл өмірдегі үлгі тұтатын жан – ағам. Мен ағаммен мақтанамын әрі шексіз жақсы көремін.





Пікір жазу