17.01.2022
  244


Қазақстан

Әлемдегі ең ғажап мекен – Қазақстан. Дүниеге алғаш келген сәттен бастап осы жердің топырағында аунап, жұпар ауасын жұтып өмір сүріп жатырмыз. Бұл қасиетті мекеннің сан ғасырлық тарихы бар. Ата-бабаларымыз ос мекенді сақтап қалу үшін қаншама маңдай терлері мен қандарын төгіп келешек ұрпақтарына, бізге, аманат етіп қалдырды. Біздің еркіндікте жақсы өмір сүруіміз үшін өз өмірлерін құрбан етіп, бізге жақсы өмір сыйлады.Қасиетті мекенді бізге аманат етіп қалдырғасын, біздің басты парызымыз Отанымыздың еркіндігін сақтап, әлемде дамыған мықты мемлекеттердің қатарына қосу.


 


Қазақстан - әлемде өзіндік шекарасы, бұлжытпас тарихы, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы, мәдениеті мен өркениеті бар дербез ел. Қазіргі таңдағы дамыған елдер қатарында өзінің айшықты орнын алып, экономикасы мен мәдениеті дамып келе жатқан бірден-бір ел. Қазақстан әлемде бес мемлекетпен шекараласып жатыр. Олар: Өзбекстан, Қырғыстан, Ресей, Қытай және Түрікменстан.


Қазақстан президенттік басқаруда. Басты байлығымыз халқымыз. Жерасты пайдалы қазбаларға толы мекен. Табиғаты әсем, жері шұрайлы, топырағы егістікке құнарлы, ауасы жұпар иісті таза, климаты адамға қолайлы құтты орта. Мен осындай мықты мемлекетте бақытты өмір сүріп жатқаныма қуанамын. Мен Қазақстаныммен мақтанамын.





Пікір жазу