Жұмыс, еңбек
Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей. Адал жолмен еңбек етіп, адал нәпақаңды тапқанға не жетсін. Қазақтар ертеден таңнан қара кешке дейін еңбек еткен, ерінбеген халық болған. Атаанамыз бізді үнемі жұмыс істеуге, еліміз үшін ерінбей еңбек етуге шақырады. Адал жолмен келген нанның дәмі қашан да тәтті.
Жұмыс ең әуелі бізді тұрақтылыққа, жауапкершілікке жетелейді. Егер де ешкім еңбек етпегенде, жұмыс істемегенде мына әлем бір орында қалып қоюшы еді, сөйтіп сәйкесінше біздің тұрмыс сапамыз нашарлаушы еді. Сондықтан да болар қазірде еңбек етпейтін, қол қусырып отыратын адамдардың саны аз, жоқ десек те қателеспеймін. Өйткені жұмыс істемеген адам жақсы тамақ ішпейді, жақсы көлік мінбейді, жақсы киім кимейді.
Еңбек еткен әр күніміз біздің ең бақытты күндеріміз. Себебі өмірі бос өткен адамдар ең бақытсыз адамдар болар. Бай, бақуатты өмір сүру үшін адамдар жұмыс жасайды. Тек жұмыс. Ерінбей, кейінге қалдырмай, уақытылы атқарылған жұмыс қана шынайы байлыққа, білімге, даналыққа жетелейді.