17.01.2022
  554


Жаз туралы шығарма

Жаз. Ыстық күн. Самсап піскен көкөніс пен жеміс-жидек. Сайраған құстар, жылы желдің лебі. Расымен де осы мезгілді қалай ұнатпауға болады? Жаз нағыз барлық тіршілікке жан бітіп, ақырындап өзінің қалыпты өмір сүретін кезеңі. Жазда күн ұзарып, көбірек жұмыстар атқаруға, ойын-сауық құруға мүмкіндік болады. Шырайлы жаз кімге болса да ұнаса керекті. Жаз балалардың доп қуалап, күн ұзаққа далада жүретін кезі. 


 


Жазда диқандарп егін егіп, малдар төлдейді. Жайлауда мал жайылып, ауылда өзендер арна-арнаға бөлініп сарқырап жатады. Өзен-көлдердегі су жылынып, көршілес өзендерге құя бастайды.


Жаз саяхаттауға, шексіз серуендеуге арналған мезгіл секілді. Жылы мезгілді таңертеңгілік жүгіріп, таза ауамен тыныстап қайтуға да мүмкіндік мол болады. Қазақстанның табиғаты көрікті жерлерінде жаз мезгілінде саяхатшылар көп болады. Онда барып демалуға, емделуге керемет мүмкіндіктер туындайды.


Кәдімгі мектеп күндері балаларды мектепке ояту мүмкін емес, ал жазда балалар да таңсәріден оянып, қырдан жоғары көтерілген күн көрісіне куә болатыны бар. Осынау керемет мезгілді шынымен де жақсы көру үшін себеп көп. Жаздың өзіне тән иісі де адам баласының жүрегінен ерекше орын алса керек. 





Пікір жазу