17.01.2022
2441
Ұзатылып барасың бүгін әпкем
Ұзатылып барасың бүгін әпкем,
Бақытты бол, қадамың оңды болып.
Күлім қағып жанарың, нұр ойнасын,
Жаңа өмірің сәнді де, мәнді болып.
Қалаулысы бол өзің, елеулісі,
Қайынжұрттың көңілін аулап әпкем.
Жаңашылдық, қуаныш нұр сыйласын,
Жандүниеңе әпкетай, әрбір көктем.
Әрбір басқан қадамың құтты болып,
Бақытты күн сыйласын жаңа өмірің.
Қол ұстасып әпкетай жездемменен,
Қуанышқа бөлесін әрбір күнің...
Ұзатылып жатқан қызға тілек қызға тілек әпкеме тілек Қыз ұзату тойы қыз ұзату қыз ұзатуға тілек қыз ұзату тойына тілек сөздер іні тілегі Әпкеге тілек