17.01.2022
  474


Автор: Жібек Ысқақова

Асыл әпкем, ұзатылып барасыз!

Алтынымыз өзіңіз,
Жаным әпкем, мақтанар.
Ұзатылып барасыз,
Кезің үйден аттанар.

Жаратқаным жар болып,
Ашық болсын жолыңыз.
Жорытқанда жол болып,
Тек бақытты болыңыз.

Жаздай жаным жадырап,
Күлімдеші, күлші әпкем.
Шырайлы атар таң болып,
Амандықта жүрші әпкем!





Пікір жазу