17.01.2022
528
Аппақ қызым, бал қызым! (әкесі)
Аппақ қызым, бал қызым,
Ұзатылып барасың.
Жансын бақыт-жұлдызың,
Жалғап екі ел арасын.
Ақ тілегін арнайды,
Жақындарың жан қызым.
Әкең тілек жалғайды,
Тек бақытты бол, қызым!
Әр қадамың оңды боп,
Тастай батып, судай сің.
Жараиқаным жар болып,
Сәтті болсын әр ісің!
Ұзатылып жатқан қызға тілек қызға тілек ұзату той қызыма тілек Қыз ұзату тойы қыз ұзату қыз ұзатуға тілек қыз ұзату тойына тілек сөздер әке тілегі