17.01.2022
  475


Автор: Жібек Ысқақова

Ұянан ұшып барасың (анасы)

Ұяңнан ұшып барасың,
Қанаттанып сен биік.
Қызымызды ағайын,
Ақ тілекпен тербейік.

Тілейді бар жақсыны,
Асыл анаң жан қызым.
Алла саған жар болып,
Жансын бақыт-жұлдызың!

Жүзіңде мұң болмасын,
Күнің көп боп нұрлы еткен.
Қосағыңмен қоса ағар,
Нұрын шашып бұл көктем.




Пікір жазу