17.01.2022
  2952


Автор: Жібек Ысқақова

Бақытты бол, қызым!

Бақытты бол, жан қызым,
Әр қадамың оң болып!
Жана берсін жұлдызың,
Жорытқанда жол болып!
Жаратқаным жар болсын,
Жаныңды тербеп арай бақ!
Қосағыңмен қоса ағар,
Таңың атып арайлап!
Қайынжұртқа бақ сыйла,
Берекесін арттырып!
Қуанышты сәт сыйла,
Сәттілігін таптырып!
Кеш ұйықта да, ерте тұр,
Көрсетпей сен жат қылық!
Қуандырғын барлығын,
Сыйлап қызым жақсылық!
Ата-анаң дегізбей,
Бере түс қызым тәттілік!
Қалаулы бол халқыңа,
Сенімдікті арттырып!
Елеулі бол еліңе,
Көрсетіп сен баптылық!
Бақытты бол жан қызым!
Арайлы атып, таң қызым!
Көңіліңді тербесін,
Әсем әуен, ән қызым!
Әумин!





Пікір жазу