17.01.2022
929
Бақытты бол, құлыным!
Бақытты бол, құлыным,
Айдай жүзің күлімдеп.
Қуаныштан шаттансын,
Баурап алар үнің тек!
Ұзатылып барасың,
Қанат қағып жыраққа.
Қанаттарың талмасын,
Барған жерде тұрақта!
Тастай батып, судай сің,
Жыламағын бірақта!
Гүл жайнасын өмірің,
Шаттықты боп көңілің!
Ата-енеңді сыйлағын,
Ақтап қызым сенімін!
Бақытты бол жан қызым,
Жанарларың жайнаңдап.
Отбасы оты сөнбесін,
Қара қазан қайнаңдап!
Жаратқаным жар болсын!
Арайлы атар таң болсын!
Жаңа өмірің құлпырып,
Шырқап айтар ән болсын!
Әумин!
қызға бата қыз ұзату қызыма бата ұзату тойға бата қыз ұзату тойына бата Қыз ұзату тойы ұзатуға арналған бата