16.01.2022
1607
Қызыма бата
Жүрегінде жалын бар,
Өн бойында дарын бар.
Ұядан ұшып барасың,
Жаратқаным болып жар.
Құлыншағым, құлыным,
Аллам саған бақ берсін!
Бар жақсылық орналып,
Жақсы адамдар тап келсін!
Түмпесін еш көңілің,
Ғұмырлы боп өмірің.
Қайынжұртты бақытты ет,
Берік болып сенімің.
Ата-енеңді құрметте,
Мақтасын тек келінін.
Раббым Алла бақ берсін,
Сыйлап отау берігін.
Биязылық қалпыңмен,
Ақта елдің сенімін.
Жазылмасын жұптарың,
Қасыңда боп серігің!
Тамыр жайып, өркенде,
Кіргізіп үй көрігін!
Әумин!