16.01.2022
  1136


Автор: Жібек Ысқақова

Ұзатылып жатқан қызға бата

Айналайын жан қызым,
Бағың жансын жұлдыздай.
Сөзі тәтті, бал қызым,
Баға жетпес құндыздай.
Таудай талап бергенше,
Бармақтайын бақ берсін.
Барған жерді бақытты ет,
Күйеу бала дем берсін.
Ата-анаң дегізбе,
Екі жақты тең көр шын.
Күнің тусын оңыңнан,
Шуағына бөлеп тек.
Жұлдыздарың жымыңдап,
Жүрші қызым күлімдеп.
Үлкендерді сыйлағын,
Кесіп өтпей алдынан.
Мақтау ісің көп болсын,
Ата-енеңді таң қылған.
Тастай батып, судай сің,
Жақсылықты болдырған.
Қабыл болсын ақ бата,
Көп боп ісің оң қылған!
Әумин!





Пікір жазу