16.01.2022
  886


Автор: Жібек Ысқақова

Ұзатылып бара жатқан қызыма бата

Қызым менің жан қызым,
Құлпырсыншы тағдырың.
Ұзатылып барасың,
Сезініп сен таң нұрын.
Қайынжұрттың жерінде,
Тастай батып, судай сің.
Бауырмал бол еліңе,
Сәтті болып әр ісің.
Халқыңа бол қалаулы,
Елеулі боп еліңе.
Бақытты ет баршаны,
Қайынжұртқа беріле.
Тереңінен тамыр жай,
Гүлдей болып егіле.
Бақытты бол жан қызым,
Жарық сыйлап жұлдызың!
Әумин!





Пікір жазу