16.01.2022
  257


Автор: Дәурен Айманбетов

Б. Алдиярға

Ішірткісін өздері беріп алып
Ішкіш дей ме шынымен мені халық?
М. М.

Өсегінен бұлардың пісті шекем,
Ішкіш екем, беу Аға, ішкіш екем.
Мақтап-сықтап көзіңше, у ұсынып,
Ішкізіп-ап соңыңнан "пыш-пыш" етер.
Өзің де Аға, ішкіштің бірі екенсің,
Сен жайында... жарайды... шыр етерсің.
Ой, соларды қоя берш... жеңгем қайда,
Ішкішпіз ғой ақыры, сыра әкелсін.
Басымызда жоқ грамм ақыл мейлі,
Бірақ, неге бізді олар ақын дейді?
Ішкіш десе іштарлар келер-кетер,
Ал, ақынның білесің аты өлмейді.
Артық құйсаң судан да құлар емен,
Сен де, мен де сол уға құмар емен.
Көре алмайтын кісілер дейді көкіп:
- Арақ ішсе жазады бұлар өлең.
Ішірткінің мұң менен қайғы асынған,
Біз-ақ соның көрейік пайдасын бар.
...Хат келді, Аға, оқиын, оқырман ғой:
- Шымкенттеміз, ақындар қайдасыңдар?
- Кеттік пе?
- Отыр машинаға!





Пікір жазу