14.01.2022
174
Ессіздік немесе сол жақ
Кенже жаңбыр,
Қараңғылық қойнын тілгілеп,
Сеуіп тұр шаң басқан жолдарға.
Теңге тағдыр,
Жолдардың сорабын сүргілеп,
Адамдар адаспай жетуін тілейді таңдарға.
Көгілдір түннің,
Әзіл шашырап тілінен.
Өзекке түседі өксік.
Алқызыл күннің,
Шуақ шашады бүрінен.
Молда торғайдың дауысын естіп.
Сол сәтте:
Бұралып белі,
Оянып ұйқыдан ару,
Тарқатып өреді бұрымын.
– Тұралық деді,
Сүйікті жары.
Бір тамшы мейірімге зәру.
Адасып кеткен,
Бақыттың іздейді сұрығын.
Ол үшін,
Керек қой сол жаққа бару…