meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  14.01.2022
  152


Автор: БАҚЫТЖАН ӨТЕГЕНОВ

* * *

Көшіне еріп келеміз мынау жалғанның,
Бабамның жолы осы деп талай алдандың.
Біріккен кезде бүкіл ел жүріп ала алмас,
Абылай құрған абадан жұрттан қалғанмын.
Тұлғаңды баба бүгінгі жасқа сөз етем,
Жастық шақ деген батырлық қылар кез екен.
Кейінге тартқан жастардың жаман кеселін,
Тарихтан толғап айбарлы жырмен түзетем.
Жас болсаң-дағы жауыңның жырттың жағасын,
Қиындық туса шығатын жолды табасың.
Елімнің ұлы боламын деген әр жасың,
Абылай ханның бейнесін барып қарасын.
Қарудан қармап қорғадың жаудан ел ішін,
Өзіңдей ердің табылмас бәлкім теңі шын.
Қарыштап кеткен ғаламда қазір жастарым,
Қылыштан емес білімнен көрер жеңісін.
Қадамы айқын, іс қылар ойлап, саралап,
Келешек әркез жастарға болар аманат.
Қаны мен жаны құрбан боп келген бабамның,
Еліме байтақ келтіре көрме жаман ат.





Пікір жазу