14.01.2022
  178


Автор: ЕРДЕН НҰРАХМЕТ

Бурабай

Зəмзəмдайын сарқыраған бұлағы,
Абылайдың ақ ордасы, тұрағы.
Өлеңіне арқау болған Сəкеннің,
Бурабайым – жер бетінің жұмағы.
Бір қарашы өркеш-өркеш тауларға,
Жеке батыр ұйқысына таңданба!
Тіл жетпейтін Оқжетпесті суреттеп,
Жұмбақтастың сырын ашқан жан бар ма?
Айнакөлдің мөлдіріне құмар ем,
Өң бойына тарамай ма бұдан ем.
Сексенкөлге зер салсаңыз тұңғиық,
Маржан толы асты оның бір əлем.
Мен шығайын мынау ғажап белеске,
Сақталады осы жұмақ жер есте.
Талай адам таңдай қаққан Бурабай,
Жаратқанның шеберлігі емес пе?!





Пікір жазу