14.01.2022
127
Жанарыма құйып алып іңірді
Жанарыма құйып алып іңірді,
Ымырттағы тыныштықты сімірдім.
Мызғап жүрмін...
Барқыт түнді төсеніп,
Жастық етіп сенің мақпал үніңді.
Өзің жайлы тағы көрдім түсті мен,
Төңірегің әппақ-әппақ құс түгел.
Ақша қардай ұшып келе жатасың,
Ақша бұлттан көйлек киіп үстіңе.
Өзгеше бір көріктеніп түнгі аспан,
Жұлдыз жұмсақ жымияды...
Мұңдас жан.
Шыт бересің жиегіне шашақтап,
Құс жолының күбірінен гүл басқан.
Шытыңдағы махаббаттың жұпарын,
Қармай алмай,
Көзе-көзе жұтам у.
Жатам сосын түтініне тұншығып,
Отқа жағып самырсынның бұтағын...