14.01.2022
  155


Автор: Ерлан Аманқожаұлы

Ләйлі – шырын

Ләйлі – шырын,
Сендерді ойлап шеккенім қайғы шылым.
Сезім, шарап...
Аздан соң боқ дүние,
Мен негізі бәріне бай кісімін.
Сендер үшін,
Елу ғасыр жырлаймын ең берісі.
Сұлулықтың алдында судай тұнық,
Не, тәйірі, тірліктің өрлі-еңісі.
Отырыңдар!
Тура осылай бір өлең оқығым бар.
Таппайсыңдар күн ертең бұл ғаламнан,
Табынатын шайырды тоты мұңға.
Қызыл гүлім,
Сендер үшін алдырдым жүзім нілін.
Маскүнемнің күні емес масаңдығым,
Алқаштыққа жатпайды қызулығым...
Сөз өнердің,
Хас шебері болсам деп өзелендім.
Әй, қыздар-ай,
Айттырып шындығымды,
Обалына қалдыңдар көзелердің...





Пікір жазу