14.01.2022
  134


Автор: Ерлан Аманқожаұлы

Азаптансам, гүлдер еске түседі

Азаптансам, гүлдер еске түседі,
Ләззаттансам, гүлдер еске түседі.
Олар менің көз жасым мен күлкімді,
Қауызына құйып үнсіз ішеді.
Қиялы өндір шағымнан-ақ тым балғын,
Гүл біткеннің келбетіне құрбанмын.
Әр қырқада ашылғанда, мұңдандым,
Әр табанда шашылғанда, жындандым.
Қызыл гүлдер қызғанышым, күйігім,
Сары гүлдер сағынышым, биігім.
Апарады деп жүріппін жұмаққа,
Осыншама өртенуім, сүюім.
Қайсы гүлдің қауызында өмірім,
Қайсы гүлдің қауызында өлімім?
Көтеремін,
Қотарыңдар көземе,
Бірінің де қалдырмаймын көңілін!





Пікір жазу