14.01.2022
  189


НҰРСҰЛТАН ҚОЖАБЕКОВ

Туған жер

Туған жер күндей ыстық бар адамға,
Ондай жерді
əлемнен таба алам ба?
Туған жер деп тырулап тырналар да,
Жай тапқандай қуанар оралғанда.
Жалғыз жүрек секілді Отан жалғыз,
Оны сүю бəріне болған парыз.
Ата-бабам қорғап қалған туған мекен,
Ата жауға берместен қолдан намыс.
Өзен көлім тауларым жақын бəрі,
Бұлақтағы суы да жанға дəрі.
Жырлап өткен Отанын тебіреніп,
Бар əлемнің шайыр мен ақындары.
Тай-құлындай жарысып туған жерде,
Балалықпен көбелек қуған кезде.
Қандай бақыт керегін білмеймін мен,
Керек емес ештеңе бұдан өзге.
Отан деген бəрінен биік екен,
Ол жердегі бəрінің үйі көркем.
Қарсы келсе бəрінен сені қорғап,
Туған жерім сені мəңгі сүйіп өтем!





Пікір жазу