13.01.2022
  342


Автор: Әлібек Асқаров


Ғали Орманов іркілдеген мол денесімен Жазушылар одағы үйінен мамырлап басып шығып келе жатса, қалбаң қағып шағын денелі Қайнекей Жармағамбетов (1918–1974) қарсы ұшыраса кетеді.


 


Қайнекей:



 



- Ассалаумағалейкүм, ақсақалым! – деп айқайлай амандасыпты.


 


Сонда Ғали:


 


- Уәлийкүмсәләм, тап-тапалым! – деп өте беріпті.






Пікір жазу