12.01.2022
163
АЛТЫНАЙ
(Құралбекке)
Әні Жиде Жеткізгенованікі
Айдың нұры арқалаған сан арман,
Ай нұрында сұлулық бар сан алуан.
Саған деген көңілімнің іңкәрі
Айдың аппақ сәулесінен жаралған...
Аспанымның алтын Айым ғажабы,
Отбасымның Алтынайым ажары.
Тарқамайды өзің барда ешқашан,
Тарқамайды бақытымның базары...
Бағынатын жүректердің еркіне
Айдың нұры махаббаттың серті ме!?
Ғұмыр берген әр пендеңді, жаратқан,
Ұшырата гөр махаббаттың дертіне...