Поэмалар ✍️
Үиітті күндер
Сол күндерін үмітке бай, арман көп
Қалай айтар тарих болып қалған деп.
Сондағысы күрестің ең тәттісі,
Дәрменсіздеу күндерінен алған кек.
Сол бір жап-жас мұнайшы жұмыскерді
Сонда атқан армандардың ақ таңы.
Сол күндерде шаттық жүрек жадырап,
Жеңістері дүрсілдеткен қақпаны.
Сол күндерде бойда қуат бұлқынып,
Ойран болған көңілдегі мың күдік.
Жаңа күндер жүгірген-ді алдынан,
Қуаныштан бір сүрініп, бір тұрып.
Бірақ тозақ...
Тура тозақ бұл маңай,
Іс бітпестей тәуекел деп, шыңдамай.
Аппақ шаңның арасынан күндіз-түн
Үміт, тілек жылтырар тек жылғадай.
Сонда да ой жоқ сәтке қабақ шытынбақ:
Қорқытса да шаңды боран құтыңды ап,
Аппақ шаңға аузы мұрның бітеліп,
Құрастырған үй тұрса да сықырлап.
Іске деген құлшыныстан қомданды:
Елестетіп ұзын асфальт жолдарды,
Сап түзеген биік үйлер тізбегін,
Көгалдар мен жапырақты орманды...
Қуат құйып бойға арман, жастығы,
Тірлігінің елең болмай басқа үні,
Елестейді қара алтынның дариясы,
Теңіз болып аққан мұнай тасқыны.
Елестейді адамдар шат, жайдары,
Маңғыстаудың қайта туған аймағы.
Елестердің төбесінен желбіреп.
Көрінгендей ұлы жеңіс байрағы...
***
Өзендік кеннің бар жеріне
Жатады сол жанға жол түсіп.
Жел жалап жол үстін еріне,
Тұрады дала алау-өрт ішіп.
Айнала құм-боран жүгіріп,
өзге бар тіршілік мүлгиді.
Сұлбасы әреңдеп білініп,
«КамАЗ»-дар, «КрАЗ»-дар ілбиді.
Басынан сан кешкен бұл күйді.
Секілді даланың нарлары.
Машина көштері ілбиді,
Талтүсте жарқырап фарлары.
Табиғат-ананың ермегіҮйреніп құм-боран, құм-желге,
Түбектің қаһарман ерлері
Қасқайып барады рульдерде.
Жүзінен қайсар от шашырап,
Айнала дүлейден сақтана,
Мұнайдың өзенін бақылап
Жүрді ол сан рет вахтада.
Сүйетін ісінің азабын,
Қуаныш, қызығын – бәрін де
Ерекше осы бір қазағың,
Не болар ертең тек,
Мәлім бе...
Қиын, иә...
Қиын мұнда бұл жұмыс,
Төзімділік керек ылғи,
Қашан да.
Тұрған шақта іске ынта,
Құлшыныс,
Рахметің одан, сірә, сасар ма...
Міне тағы суы тапшы,
Азық та,
(ондай шақта бастық қана жазықты, ә!?)
Машиналар келіп болмас мұндайда,
Ал іс бітпес байлап қойса қазыққа...
Асығады ойдағысы бола алмай,
Бір іс оңса,
Екіншісі оңалмай.
Көз аштырмас ақ боранда адасып,
Ұшақ жүрер орын тауып қона алмай.
Ойлар да көп өткізетін електен,
(шешілсе егер ғалымдарға теңелткен).
Ал бұл болса астың қамын да ойлайды,
Суларын да бөліп беріп шелекпен.
Бітер жұмыс ... өткізер бар жарлығын,
Бәрі қиын, шындығында, дәл бүгін.
Ал бір жақтан көшіп келмек әкесі,
Бала-шаға бір көрем деп барлығын.
Ғажап та ғой жақындарың жаныңда
Болып жатса-сәбилерің, жарың да.
Жабырқайды-ау күйін көріп бірақ та,
Алданып жүр екен ғой деп сағымға...
Ал оларсыз жүре алар бұл қалай,
Ұйықтар қалай тыныштығын ұрламай.
Бас қатырып жүргенінде солайша,
Үй іштері көшіп келді тыңдамай.
Болмаса да «көш!», «көшпе!»-деп ерегес,
Айыпты оған мен де емес,
Сен емес.
Ақсақалға Өтесіндей тек қана
Мұнайы жоқ жер дегенің жер емес.
Мұнайшы ол еңбегімен,
Терімен,
Сөздерінен ет жүрегің еріген.
Қойнауы құт аймақ көрсе қуанып,
Кеніші жоқ «жұмақтардан» жеріген.
Түсінетін өндірістің ырғағын,
Сол жақтардан шығар дейтін шын ғалым.
Үнсіз қалып «партия» деп жүрсе егер,
«қарамайға» шақыратын ұлдарын.
Бастамасын бастады ұлы көп істің,
Соңынан ерген сан мың адам құлшынар.
Ашылар деп әлі талай өріс тың,
Деп әлі сан шыбыққа да бүр шығар.
Санасына өр сезімді екті ана,
Атанған жоқ алғыр ұл деп ол тегін.
Леп белгілі сөйлемдермен тек қана
Толтырмақ-ты өмірбаян беттерін.
Әрине, ол жүрген жоқ-ты даңқ үшін,
Мақтан алса істеріне, бірақ-таЖауабы дер ғұмырының жартысын
Келер ұрпақ құятұғын сұраққа.
Олар содан үйренеді, көреді,
Олар содан сыр сұрайды қолқалап.
Ұрпақтардың алдарында, өрелі,
Тұру керек деп біледі ер қарап.
Дейді: «Сол деп тер төгемін мен бүгін,
Көркейтемін жылдарымды өзімнің.
Тік көтерген заманының ерлігін
Қайсарлықпын!
Махаббатпын!
Төзіммін!
Өмір деген ұлы ағын бұл мәңгі,
Ұлы көші баланың да, жардың жа.
Өткермек-ті еншідегі жылдарды
Ұялмастай ұлы тарих алдында.
Борыш жүгі қашан да ауыр кісіге
Көтерерлік күш болса егер білекте.
Сондықтан да қуанған ол ісіне,
Сол үшін де келген осы түбекке...
***
Өзен кені шын дариясы мұнайдың,
Қазағына өзі берген құдайдың
Жүрек жұтқан мұнайшының арманы,
Кең құлаштап,
Еркін сілтер тың айдын.
Жері де тың,
Мұнай да тың мұндағы,
Сақтап келген ғасырлардан құм-бағы.
Бірақ оның түйіні көп шешетін,
Жетіп жатыр іске түйген жұмбағы.
Қарақошқыл, қап-қара май,
Сол бір май
Ойдандырды мұны күн-түн оңдырмай.
«Өжеттеніп,
тым пысықсып кетіпсің,
қалай шыдар екенсің сен болдырмай!?»
Деп, бейнебір түскен сынды егеске,
Құрып көрді талай жиын, кеңес те.
Жүрегіне салмақ салған сол бір күй
Шығарар деп білмеген бір белеске...
Ерекше май балауызға малшынған
Тұсау салған талабына талпынған.
Көлденеңдеп кетпей ме шын жолынан,
өткізбей ме өмір тосқан бар сыннан...
Тоңазып тұр жаздың ыстық күнінде,
Қабарады қырсық бардай түрінде.
Ал қара май ағу керек тоқтамай,
Он жылдан соң,
Ертең, әрі бүгін де.
Ағу керек...
Ағу керек лақылдап,
Апатқа жол –қабырларға қатырмақ.
Жазда мынау,
Ал қыс бойы қайтпекші,
Тұрған шақта сары аяз сақылдап!?
Қорықты ол ...
Май түрінен қорықты,
Қыстық күнде, апырай, май тоңыпты.
Іс болмайды бос сөз бенен қорқыныш,
Ойлай-ойлай Рахмет те соны ұқты.
Ойлай білу ізденіспен-шарайна,
Жарық сәуле сыйлаған ол талайға.
Ойлай-ойлай келген жалғыз шешімін,
өйткені бұл бұған керек алдымен.
Алыс жүрген адамдардың әні бір,
Мұнай-мұнай,
Гүл біткенің – бәрі гүл.
Жобалаушы жоспарын да бұзбайды,
Қатқан мұнай,
Қатпайтыны – бәрі-бір...
Мазалады оны осы жай мүлде,
Сол дер еді,
Деп сұраса: «Қайғың не?»
Құбырлардан ағу керек лақылдап,
Қатпау керек...
Қатпау керек май мүлде...
Сол ойменен келген тағы жұмыстан,
өзге тірлік бәрі енді ығысқан.
Жайып салды алдына көп кітапты,
Шығарардай солар Күнін Шығыстан...