12.01.2022
  198


Автор: Гүлжауһар Сейітжан

КЕЛІН КЕЛГЕНДЕ

Жанары алдағы көк белді сүзіп,
Денесі талшыбықтай бұратылып,
Ақ көйлек етегімен жерді сызып,
Ақ желек жерге дейін шұбатылып.
Жас келін келеді әне ұяң басып,
Жанардың жалын атқан жақұт түсіБіреудің бауырдағы қия алмасы,
Біреудің қолға қонған бақыт құсы.
Көтеріп бір отаудың шаңырағын,
Жалғамақ жастық бақыт, ғашық күнін.
Жас жүрек күйін шертіп, салып әнін,
Өмірдің бір асуын асып бүгін.
Келеді ол қол ұсынып ұлы өмірге,
Күткені көп жақсылық ертеңінен.
Бақыттың бал шырыны – жүрегінде,
Үміттің тәтті күйін шертеді рең.
Дей алсаң жас келінді егер «міне!»
Естесің «Қосағыңмен қоса ағар».
Естиді ол «қадірлей біл»,-дегенді де,-
Аттаған қасиетті босағадан!»
Айтатын оған өзге тілек те көп,
Жас жанға жаңа келген лайық па сын!
Өйтпесін тек әйтеуір жүректегі от,
Әйтеуір бақыт нұры айықпасын.
Деп тілеп тұрмын қарап жас келінгеОйда жоқ пенделік бар онда қандай,
Сұлулық жоқ секілді басқа ерінде,
Өзгелер сұлу болмағандай...
Бар әсемдік тек сонда секілденіп,
Қараймыз көздеріне, тұлғасына.
Ол болса бақыт нұры бетінде еріп,
Келеді сәуле шашып қырды асыра.
Жанары алдағы көк белді сүзіп,
Денесі талшыбықтай бұратылып.
Ақ көйлек етігімен жерді сызып,
Денесі талшыбықтай бұратылып.
Ақ көйлек етегімен жерді сызып,
 Ақ желек жерге дейін шұбатылып...





Пікір жазу