12.01.2022
  142


Автор: Гүлжауһар Сейітжан

СЕЗІМДІ ТОТ БАСАДЫ

Сезімді тот басады, тот басады,
Болады оның да жас, қатпа шағы.
Оның да жұлдыздары жанып кейде,
Басынан күні өтіп, бақ қашады.
Сен мұны ойладың ба, ойламадың,
Егеді ол шабыт болып бойға дарын.
Шырқатар кейде үздіксіз арқасы бар,
әншідей басылмаған тойдағы арын.
Шақтарын таусып алып шат, тамаша,
Тозады-ау бұл да күтіп, баптамаса.
Кейбірде аспанға ұша шарықтаса,
Кейбірде жусаннан да жатты аласа.
Айтпағымды сағыздай соза бердім мүмкін мен,
Болса-дағы мәнісі аз, ал өңімде күлкім кем.
У сезімді әлде сол шая түссін дедім бе,
Көңілімнің түбінде лай судай іркілген.
Тұрды да сосын түйіліп,
Құйыла берді жас болып.
Кенеттен бейғам күй ығып,
Елжіреп кетті тас көңіл.
Сенімнен сезім нәр алып,
Сұлулық біткен тең келмей.
Жан дүнием шықты жаңарып,
Жайраңдап көктем келгендей.





Пікір жазу